Дубайды тасқын жайлады
Біріккен Араб Әмірліктерінде бірнеше күн жауған толассыз жауыннан, Дубайды тасқын жайлады. Сенбі күні басталған алапат циклоннан көшелерді су шайып, көлік қозғалысы қиындаған. Су деңгейінің едәуір көтерілуіне байланысты амалын тапқандар қалада діттеген жеріне қайықпен жетуде. Қолайсыз ауа райынан ұшақ жолдарына да нұқсан келіп, бүгін 20 шақты әуе рейсі доғарылды. Сондықтан, туристер әуежайда сағаттап күтуге мәжбүр.
Дубай тұрғындары үшін бұл – күтпеген жағдай. Себебі, осы уақытта Әмірліктердегі ауа райы айтарлықтай құрғақ болады.
Синоптиктердің хабарлауынша, алдағы күндері де елде жауын-шашын болуы мүмкін. Сондықтан тұрғындар мен туристерге сақ болуға кеңес беріліп отыр.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматы облысында «Өрік FEST» фестивалі өтті
18.06.2026, 20:57
Медицина саласының үздіктері анықталды
18.06.2026, 20:54
16 мыңнан астам сотталушыға рақымшылық жасалуы мүмкін
18.06.2026, 20:52
ТМД елдерімен мәдени байланыс артып келеді
18.06.2026, 20:50
Робототехника олимпиадасында ұлттық құндылықтар дәріптеліп жатыр
18.06.2026, 20:22
Креативті индустрияны дамыту жөніндегі конференция
18.06.2026, 20:09
Әлем жаңалықтарына шолу
18.06.2026, 20:08
«Әділет» партиясы ЕҚЫҰ өкілдерімен кездесті
18.06.2026, 20:07