Атбасар қаласында су басқан үйлердің саны 300-ден асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атбасар қаласында су басқан үйлердің саны 300-ден асты

11.04.2014
Атбасар қаласында су басқан үйлердің саны 300-ден асты
Жабай өзенінің суы бүгін түнде күрт көтерілуі салдарынан Атбасар қаласындағы суда қалған үйлердің саны үш жүзден асқан. Бұл туралы аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады.
 
ТЖД мәліметі бойынша, түнде өзен суы тағы бірнеше есе көтеріліп, 8 кешенің бойындағы үш жүзден астам үй судың астында қалды. Қаланың батыс жағындағы су жіберу арнасы өзеннен ағып келіп жатқан суды өткізіп үлгермей жатыр. Осыған байланысты су ағысына бөгет болған жол төсенділерін қопарып алып тастауға тура келді. Нәтижесінде су сәл де болса қайта бастады.

Хабарламаларға жазылу