СҚО әкімі Олимпиада және Паралимпиада қатысушыларына сыйақы берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

СҚО әкімі Олимпиада және Паралимпиада қатысушыларына сыйақы берді

11.04.2014
СҚО әкімі Олимпиада және Паралимпиада қатысушыларына сыйақы берді
СҚО әкімі Самат Ескендіров 2014 жылғы Олимпиадалық және Паралимпиадалық ойындардың қатысушыларымен кездесті. Сочиде Солтүстік Қазақстанның төрт спортшысы бақ сынады. Спортшылар мен олардың бапкерлеріне өңір басшысы Құрмет грамоталарын, Алғыс хаттар мен 1 мың доллар көлемінде ақшалай сыйақы табыстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
 
«Жолдаманы жеңіп алған конькимен жүргіушілер Дмитрий Бабенко мен Роман Креч - біздің мақтанышымыз. Біз Олимпиаданы ерекше шабытпен тамашаладық. Паралимпиадашылар Қайрат Қанапин мен Елена Мазуренконы да құттықтаймыз. Қазақстандықтар жеңіп алған бес жолдаманың екеуі біздің еншімізге бұйырды»,  деді Самат Ескендіров.
 
Конькимен мәнерлеп сырғанаушылар  Дмитрий Бабенко мен Роман Креч - халықаралық санаттағы спорт шеберлері. Ал, Қайрат Қанапин мен Елена Мазуренко - шаңғы жарысы бойынша спорт майталмандары.
 
Қазіргі уақытта СҚО-да дене тәрбиесімен және спортпен жүйелі түрде шұғылданатын 140 мыңнан астам адам  бар.

Хабарламаларға жазылу