ҚР Сыртқы істер министрлігі түсініктеме беру үшін Ресей елшісін шақыртып алды
Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Ресейдің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Михаил Бочарниковті түсініктеме беру үшін шақыртып алды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Нұржан Аймаханов хабарлады.
«Хакасия Республикасының Жоғарғы Кеңесінің төрағасы айтқан сөздеріне қатысты ҚР СІМ өз тарапынан дипломатиялық арналар арқылы Астанадағы және Мәскеудегі ресейлік әріптестерімізбен тиісті жұмыстар жүргізуде. Атап айтқанда, мәселені анықтау мақсатында ҚР Сыртқы істер министрлігіне Ресей Федерациясының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Михаил Бочарников шақырылды. РФ ресми билігі В.Штыгашевтың мәлімдемесіне баға береді, деп сенеміз», - дейді Н.Аймаханов.
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Хакасия Республикасының Жоғарғы кеңесінің төрағасы Владимир Штыгашевтың Қазақстанның шығыс аймақтарына Ресейдің тарихи құқығы бар-мыс деген негізсіз мәлімдемесіне назар аударды.
«Сонымен қатар, біз Хакасия Республикасының Жоғарғы кеңесінің шенеуніктерінің В.Штыгашевтың сөздерін БАҚ өкілдері бұрмалады, деген мәлімдемесіне де назар аудардық. Алайда, қалыптасқан жағдайда мұндай түсініктемелер жеткіліксіз және қанағаттандырарлық емес, деп есептейміз. Сондай-ақ, біздің қоғам В.Штыгашевтың мәлімдесін өткір сынмен қабылдағанын білеміз және қоғам мүшелері Қазақстан мен Ресей Президенттері Н.Назарбаев пен В.Путин 2005 жылғы 18 қаңтар күні қол қойған Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында қазақстандық-ресейлік мемлекеттік шекара туралы Келісімнің ережесіне назар аударады. Аталған Келісімнің 2006 жылғы 12 қаңтар күні күшіне енуі екі ел арасындағы мемлекеттік шекараның өтуін заңды түрде бекітті. Ресей Федерациясы ресми өкілдерінің жиілеп кеткен орынсыз мәлімдемелері үлкен алаңдаушылық тудырмауы мүмкін емес», - делінген мекеменің мәлімдемесінде.
ҚР СІМ хабарлауынша, екі халықтың терең тарихи және рухани байланыстарына негізделген, бұл екі мемлекеттің де ұлттық мүдделеріне сай келетін және еуразиялық кеңістікте бейбітшілік, қауіпсіздік пен тұрақтылыққа қызмет ететін тең құқылы стратегиялық әріптестікті дамытудың кепілі.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Гамма-пышақ: Орталық Азия аймағындағы жалғыз аппарат тек Қазақстанда бар
26.10.2025, 20:37
Креативті индустрия: Таланттарды қолдау тетігі іске қосылды
26.10.2025, 20:25
Трамп Ресейге қарсы санкциялар қабылдады
26.10.2025, 20:05
Мәжіліс 2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын қабылдады
26.10.2025, 20:02
Президент: Конституцияға бірқатар өзгертулер енгізіледі
26.10.2025, 19:55
Егемендік декларациясының қабылданғанына 35 жыл
26.10.2025, 19:51
Қ. Тоқаев «Орталық Азия - АҚШ» саммитіне шақырғаны үшін АҚШ Президенті Д. Трампқа алғыс білдірді
26.10.2025, 19:47
«Қайрат» футбол клубы Қазақстан чемпионы атанды
26.10.2025, 19:46