Түркия билігі YouTube-ты жауып тастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркия билігі YouTube-ты жауып тастады

28.03.2014
Түркия билігі YouTube-ты жауып тастады
Түркия билігі YouTube видеохостингін жауып тастады, деп хабарлайды «РИА Новости» жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасап.
 
Елдің Телекоммуникация департаменті мұндай шешімді Сыртқы істер министрлігінің Сирияға басып кіру мүмкіндіктері туралы отырысы түсірілген видео YouTube-қа жарияланғаннан  кейін қабылдаған.
 
Түркияның Сыртқы істер министрі интернетте жарияланған видео жасырын камера арқылы түсірілгенін және өңделгенін мәлімдеді. Оның айтуынша, YouTube-қа салынған видео «елдің ұлттық қауіпсіздігіне төндірілген қатер».
 
Естеріңізге сала кетейік, жақында Түркияда Twitter микроблогын жауып тастаған еді. Алайда аталған әлеуметтік желі сот шешімімен қайта ашылды.
 
Дегенмен Тайип Эрдоган  Facebook, Twitter және YouTube сияқты әлеуметтік желілерді қорғаудың қажеті жоқ екенін айтуда. Түркия премьер-министрінің айтуынша, онда «әртүрлі шындыққа жанаспайтын» материалдар жарияланады.

Хабарламаларға жазылу