Блогқұрылтай - тәжірибе алмасу алаңы (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Блогқұрылтай - тәжірибе алмасу алаңы (ВИДЕО)

28.03.2014
Блогқұрылтай - тәжірибе алмасу алаңы (ВИДЕО)

Блогқұрылтай биыл Қарағанды қаласында өтті. Оның үстіне шаһардың 80 жылдығымен қатар келді. Қаланың бүгінгі тыныс-тіршілігі туралы үздік пост, бейнеролик және фотобайқаулар ұйымдастырылды.

 
«Сапар шығындарын өздері көтергенімен, қатысушылардың саны көп болды. Іріктеуден 100 ғана адамды өткізгенімізбен өз еріктерімен журналистер, блогерлер және әлеуметтік желінің белсенді пайдаланушылары келді. Құрылтайдың танымал болуы – қазақ интернетінде серпіліс байқалғандығын білдіреді», - дейді ұйымдастырушы Ләззат Қожахметова.
 
Блогқұрылтай - басқосу ғана емес, тәжірибе алмасу алаңы. Жастар өздерінің жобаларын ел алдында таныстырды. Дәстүрге айналған стартап-жобалар байқауы жарияланды. Ең үздік деп танылған үш жобаға Қарағанды облысының атынан 150 мың теңгенің сертификаты табысталды.

Хабарламаларға жазылу