Шымкентте «BlogCamp: Жазғы мектеп» шарасы өтпек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте «BlogCamp: Жазғы мектеп» шарасы өтпек

28.04.2015
Шымкентте  «BlogCamp: Жазғы мектеп» шарасы өтпек

13-14 маусым күндері  Шымкентте  «BlogCamp: Жазғы мектеп» шарасы өтеді. Бұл – жаңа медиа мамандарының, сайт жасаушылардың өзара тәжірибе алмасу алаңы. Шараға аймақтардан, Астана мен Алматы қалаларынан және жақын шетелдерден белсенді интернет қолданушылар қатысады.

Басты мақсат – жаңа медианың қазақ тілінде қалыптасуына тың серпін беру, әрі қазақ блогшыларының өзара танысуы мен тәжірибе алмасуы арқылы оның сапалық деңгейін көтеру.

Сонымен қатар, азаматтық қоғамды қалыптастырудағы әлеуеттерін арттыруға себепші болу, қазақ тіліндегі блогтарға қатысты заңнамалық мәселелерді талдау.

Хабарламаларға жазылу