АІСТ-2014 халықаралық конференциясы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АІСТ-2014 халықаралық конференциясы өтті

15.10.2014
АІСТ-2014 халықаралық конференциясы өтті

Байланыс және ақпараттық технологиялар - кез келген ортадағы маңызды құрал. Дамыған және дамушы елдер бұл салаға бекер мән беріп жүрген жоқ.

Назарбаев университетінде ұйымдастырылған ақпараттық технологияларды қолдану жөніндегі халықаралық конференцияның көздегені – осы тұрғыдағы ғылыми зерттеулер мен экперименттерді талқылау.

Бүгін алыс-жақын шетелдерден келген сарапшылардың назарына инновациялық идеялар ұсынылып, ғалымдар мен студенттер арасында тәжірибе алмасу алаңы ұйымдастырылды.

Биылғы конференцияның негізгі тақырыбы - ақпараттық қауіпсіздік мәселесі. 

 

Хабарламаларға жазылу