ҚХЛ: «Барыс» плей-оффтың кезекті ойынында «Салават Юлаевтан» басым түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚХЛ: «Барыс» плей-оффтың кезекті ойынында «Салават Юлаевтан» басым түсті

28.03.2014
ҚХЛ: «Барыс» плей-оффтың кезекті ойынында «Салават Юлаевтан» басым түсті
Қазақстанның «Барыс» хоккей клубы Гагарин кубогы аясындағы плей-оффтық кездесудің бесінші ойынында «Салават Юлаевтан» басым түсті.
 
Астанада өткен матч 2:1 (1:1, 1:0, 0:0) есебімен, жергілікті команданың жеңісімен аяқталды. Кездесудің жетінші минутында Константин Руденко есеп ашқан болатын, бірақ сегіз минуттан кейін Вишневский есепті теңестірді. Ал ойынның 37-минутында Дастин Бойд екінші шайбаны қарсыластар қақпасына тура бағыттап, «Барысқа»  жеңіс әкелді.
 
Осы жеңісінің арқасында «Барыс» Уфаның «Салават Юлаев» командасымен арадағы ұпай айырмашылығын азайтты, сериядағы есеп 2:3-ке жетті. Келесі ойын 29 наурызда Уфада өтеді.

Хабарламаларға жазылу