«Барыс» «Ақ Барспен» кездеспейді
Құрлықтық хоккей лигасының плей-офф кезеңінде новосібірлік «Сібір» командасы қазандық «Ақ Барстан» басым түсіп, келесі кезеңге шықты. Екі команда арасындағы алтыншы ойында «Сібір» хоккейшілері 3:2 (0:0, 0:2, 2:0) есебімен овертаймда жеңіске жетті.
Бұл - «Сібір» командасының төртінші жеңісі болды. Олар қазандық хоккейшілерден серияда 4:2 есебімен басым түсіп, плей-офф кезеңінің екінші айналымына алғаш рет жолдама алды.
Айта кетейік, «Ақ Барыс» екінші айналымда «Барысқа» қарсылас атануы мүмкін еді. Енді қазақстандық клуб тек Нижний Новгород қаласының «Торпедосымен» немесе уфалық «Салават Юлаев» командасымен кездеседі. Әзірге серияда 3:2 есебімен уфалық хоккейшілер алда келеді.
Естеріңізге сала кетейік, «Барыс» плей-офф кезеңінің алғашқы айналымында Екатеринбург қаласының «Автомобилист» командасын 4:0 есебімен ұтқан.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда өткен шығармашылық кездесуде қазақ прозасының дамуы талқыланды
21.04.2026, 13:40
Жапония қару экспорттауға шектеу күшін жойды
21.04.2026, 13:32
Жаркентте көпқабатты үйлерді жөндей бастады
21.04.2026, 13:22
Қос міндетті қатар атқарған маман
21.04.2026, 13:20
Тегеран талабы қандай?
21.04.2026, 13:18
«Шындығын жоғалтпаған ақын» деректі фильмін көріңіз
21.04.2026, 13:15
Халық Мұхтар Шахановты ақтық сапарға шығарып салды
21.04.2026, 13:13
Ерекше баласы бар отбасыларға қолдау артады
21.04.2026, 13:10