Тәжікстанда электр энергиясын тарату тәулігіне төрт сағатқа қысқарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тәжікстанда электр энергиясын тарату тәулігіне төрт сағатқа қысқарды

27.03.2014
Тәжікстанда электр энергиясын тарату тәулігіне төрт сағатқа қысқарды
Тәжікстандық энергетиктер электр энергиясын таратуға қойылатын шектеуді күшейтті. Олар жарық беруді тәулігіне төрт сағатқа қысқартты. Бұл туралы журналистерге тәжікстандық «Барки Тоджик» энергетикалық холдингінің өкілі мәлімдеді, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.
 
«Оған себеп - таулы аймақтардағы мұздықтар мен Пяндж өзенінің баяу еруіне байланысты Нүрек су қоймасындағы су көлемінің азаюы.  Өткен жылғы осы маусыммен салыстырғанда су  көлемі секундына 230 текше метрден 130 текше метрге төмендеген. Бұл өз кезегінде электр энергиясын өндіру көлемін азайтты», - деп түсіндіреді энергетикалық холдинг.

Хабарламаларға жазылу