Тәжікстан электр энергиясын Ауғанстан мен Қырғызстанға тасымалдауды тоқтатты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тәжікстан электр энергиясын Ауғанстан мен Қырғызстанға тасымалдауды тоқтатты

08.12.2015
Тәжікстан электр энергиясын Ауғанстан мен Қырғызстанға тасымалдауды тоқтатты

Бұл туралы Тәжікстанның ақпарат агенттігіне сілтеме жасап КирТАГ хабарлайды.

Агенттік таратқан мәліметтер бойынша, Тәжікстанның барлық гидростанциялары тәулігіне 45 млн кВт/с электр энергиясын өндіреді. Өндірілетін қуаттың негізгі бөлігі Нурек гидроэлектр стансасына тиесілі. Аталған көлем қазір өнеркәсіп өндірістері мен тұрғындардың қажеттіліктеріне жаратылуда.

«Бұған қоса, қазір судың ағыны да өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда секундына 20 текше метрге аз болып отыр. Осы кезде Нурек су қоймасы аймағындағы Вахеш өзенінінң суы секундына 220 текше метр көлемінде ағып жатыр»,-делінген құзырлы  орган өкілдері таратқан мәліметтерде.

Бұған дейін, Тәжікстанның биылғы жылдың 10 айында 1,2 млрд кВт/с электр энергиясын экспорттағаны мәлімделген болатын. 

Хабарламаларға жазылу