Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбаек Атамбаев елдің премьер-министрі міндетін атқарушы қызметіне Жомарт Отарбаевты тағайындады. Ол осыған дейін үкімет басшысының бірінші орынбасары болған.
25 наурыз күні отставкаға кету туралы өтініш білдірген Жантөре Сатыбалдиев Президенттің Жарлығымен премьер-министрдің міндетін атқарушы қызметінен босатылды.