Жамбы ату спортын дамыту үшін кореялық маман шақырылған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбы ату спортын дамыту үшін кореялық маман шақырылған

26.03.2014
Жамбы ату спортын дамыту үшін кореялық маман шақырылған
Соңғы жылдары ұлттық спорт түрлері қарқынды дамып келеді. Бұл туралы «Таңшолпан» хабарында қонақта болған  Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының орынбасары Сәрсен Құранбек мәлімдеді.
 
Өткен жылы асық және тоғызқұмалақ федерациялары  құрылып, байрақты бәсекелер жалауын желбіретті. Оның ішінде, көкпардан ашық Азия чемпионатының орны ерекше. Ал биыл дәстүр жалғасын тауып, Азияның мықтылары аударыспақтан сынға түседі.
 
Сонымен қатар, бүркітшілердің де сайысы өтіп, құсбегілердің ғылыми-тәжірибелік конференциясы ұйымдастырылды.
 
Ұлттық спорттың бір түрі – жамбы ату. Соңғы жылдары бұл дәстүр үзіліп қалды. Бұл спортты дамыту үшін Кореядан арнайы жаттықтырушы шақырылған. Өйткені, Корея - садақ ату спортындағы көшбасшы ел.  
 
Сәрсен Құранбек, ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің орынбасары:
Садақ жасау құрылымы өте күрделі. Оның құрылысына сүйек те, ағаш та қолданылады. Ең мықты садақты әзірлеу үшін 1-2 жыл уақыт кетеді. Ал, Кореяда садақ озық технологияның көмегімен заманауи үлгіде жасалады. Енді екі өнерді ұштастырып, жасөспірімдерді спорттың осы түріне баулу керек.

Хабарламаларға жазылу