Жамбы ату және теңге ілу кубогы: 40-қа жуық мерген мен шабандоз қатысуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбы ату және теңге ілу кубогы: 40-қа жуық мерген мен шабандоз қатысуда

04.10.2021

Елімізде тұңғыш рет Жамбы ату және Теңге ілу федерацияларының кубогы өтіп жатыр. Республикалық жарысқа еліміздің әр өңірінен 40-қа жуық мерген мен шабандоз қатысуда. Елордадағы «Қазанат» ипподромында өтіп жатқан жарыстың екінші күні жайлы келесі материалда.

Жамбы ату және теңге ілу жақында ғана ресми түрде спорт қатарына қосылды.
Соған қарамастан, біздің спортшылар ел ішінде ғана емес, әлемдік додаларда топ жарып үлгерген. Федерация кубогі деп аталатын турнир қатысушылары арасында садақ атудан әлем чемпиондарының болуы осы сөзге дәлел.
Рахат Жақсыбай , ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының атқарушы директоры:
Жүлденің жалпы қоры 11 млн теңге. Екі спорт үшін. Автомобиль бас жүлде. Екінші торын 1 млн, 3 орын 500 мың теңге. Жүлде қоры осы спортқа қызығушылардың қатарын арттырады деп санаймыз. 
Жамбы ату тек қазақтың спорты деуге келмес. Өйткені, ат үстінен садақ ату деп аталатын спорт бойынша 40-қа жуық федерция бар. Солардың бәрі Қазақстандық жамбы ату спорт түрін мойындаған. Оңтүстік африка елінде екі жыл қатарынан жамбы ату жарысы өтіп келеді.
Әлия Беген, жамбы атушы:
Бізідң ата-бабаларымыз аттың үстінде садақ атқан. Қызыға оқитынмын. Қыздар аз. Намысым оянып осы спортқа келдім.
Санитарлық талапқа сай, жарыс көрерменсіз өтті. Күннің суықтығына қарамастан, қатысушылар ептілік пен мергендік үздік үлгілерін көрсетті. 

Ғабит Бөкенбай

Хабарламаларға жазылу