IV Фестиваль: Жамбы атудан Ерлан Юсупов бас мерген атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

IV Фестиваль: Жамбы атудан Ерлан Юсупов бас мерген атанды

22.10.2015
IV Фестиваль: Жамбы атудан Ерлан Юсупов бас мерген атанды

Бұл спорт түрі бұрынғы өткен фестивальдарда болмаған еді. Биыл Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының ұйтқы болуымен жарыс кестесіне кірді. Шараның соңғы күндеріне жоспарланған жамбы ату сайысына  15 облыстың садақшылары қатысты.

Сайыс барысында шығысқазақстандық мерген Ерлан Юсуповтың бір жебесі жамбыға тиіп, екіншісі жамбы ілінген қылды қиіп түсірді.

Осы жарыс жөнінде  ҚР «Жамбы ату» федерациясының президенті Ерлан Қарин ФБ-дағы жеке желісне: «Тағы бір өзіміздің ұлттық спорт түрі жаңғырып, халқына қайта оралуда. Өткен аптада Қызылордада ұлттық ойындар бойынша спартакиаданың аясында Жамбы атудан Республикалық турнир өтті. Міне, соған ұлттық спорттың бірден бір жанашыры, қолдаушысы Бекболат Тілеуханмен бірге қатысып, алғашқы жарыстың өту барысымен танысып, жамбы атушылармен кездесіп, пікір алмастық. Алғашқы қорытындылары жаман емес. Барлық ұйымдастырушыларға, осы жарыстың бас қасында жүрген жігіттерге, спортшыларға үлкен алғыс» депті, деп жазады ulttyqsport.kz.

 

 

 

Хабарламаларға жазылу