Қарағандылық «Сарыарқа» командасы Краснодар қаласының «Кубань» командасын төрт ойында жеңіп, Жоғары хоккей лигасы плей-офф сериясында жартылай финалға өтті.
Айта кетейік, «Сарыарқа» төртінші ойынды сырт айдында өткізіп, 3:0 есебімен басым түсті. Бұл ойында Михал Махо есеп ашса, Якуб Гашпарович үшінші кезеңде екі мәрте көзге түсті.
Қарағандылық хоккейшілер жартылай финалда «Молот-Прикамье» және «Южный Урал» жұбының жеңімпазымен кездеседі. Бұл серияның есебі – 2:2.