Полторанин мен Чеботько финалға шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Полторанин мен Чеботько финалға шықты

19.02.2014
Полторанин мен Чеботько финалға шықты
  Сочи Олимпиадасында шаңғы жарысынан командалық спринт бәсекесінің жартылай финалы аяқталды.
 
Қазақстан ерлер құрамасы «В» тобында жарысқа түсті. Алексей Полторанин мен Николай Чеботьконың жартылай финалдағы нәтижесі - 23 минут 28,50 секунд.
 
Олар өз тобында Финляндия, Ресей және Швеция құрамаларынан кейін төртінші келді.  Дегенмен қазақстандық шаңғышылар финалға өтті.
 
Финалға Германия, Чехия, Финляндия құрамалары тікелей өтсе, Швеция, Қазақстан, АҚШ, Франция, Норвегия және Швейцария құрамалары уақыт бойынша жоғары нәтиже көрсетіп, финалға шықты.
 
Финал бүгін 17:35-те басталады. «KAZsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетеді.

Хабарламаларға жазылу