Қазақы жылқының қасиеті туралы не білесіз?
Қазақ халқы жылқы малын үш топқа бөлген. Алғашқысы бәйгеге қосатын – жүйрік арғымақ, екіншісі – жүк артатын, алыс жолға төзімді қазанат, ал үшіншісі – еті мен сүті үшін өсіретін жабы.
Ғалымдар әлемдегі 250-ге дейін жылқы тұқымынан тараған 65 миллион қылқұйрықтың арғы тегі осы – жабы дейді. Оны ежелгі Ботай қонысынан табылған жылқы қаңқалары растап отыр.
Жал-құйрығы қаба деп, жабыны қораш көретініміз рас. Ал арғымақты осы қазақы жылқы мен ақалтеке, араб тұқымдас сәйгүліктермен будандастыру арқылы алған. Арғымақты қазақтың хан-сұлтандары мінген.
45 жыл ат баптап, бәйгеге қосып жүрген Ғабит Құдайбергенұлы жүйрік атты жазбай таниды.
«Жем бергенде де түрлі дәрумені бар шөп берген абзал. Семіз болса да, арық болса да бәйгеге жарамайды. Орташа қалыпты сақтап тұру керек. Бұлар да спортшылар сияқты»,-дейді атбегі.
Қазір бәйгеге қосылып жүрген сәйгүліктер – ағылшын, араб тұқымдас жылқылар. Олар қысқа қашықтықты оңай бағындырады. Ал қазақы аттар күншілік жерге шауып, кемі 40-50 шақырымға созылатын жарыстарда басқаға дес бермеген.
Қазақы жылқылардың қасиеті туралы толығырақ «Таңшолпаннан» біле аласыздар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Тұрғын үй аумағында көлікті жөн-жосықсыз қоятындарға рейд басталды
15.04.2026, 20:35
«SuperStar KZ»: Үміткерлерді іріктеу жалғасып жатыр
15.04.2026, 20:31
«Селт еткен сезім» телехикаясы күзде көрермен назарына ұсынылады
15.04.2026, 20:29
Мәдениет пен руханият– ел дамуының темірқазығы
15.04.2026, 20:27
Атырауда білім ордасында экологиялық орталық ашылды
15.04.2026, 20:25
Жас ғалымдар жаңа баспаналарына қоныстанды
15.04.2026, 20:23
ШҚО-да Altay Busіness форумы өтті
15.04.2026, 20:19
«AMANAT» партиясы жаңа жоба бастады
15.04.2026, 20:18