Корпорация басшысы Ұлық мерекемен құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Корпорация басшысы Ұлық мерекемен құттықтады

21.03.2014
Корпорация басшысы Ұлық мерекемен құттықтады
«Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма Төрайымы Мұхамеджанова Нұржан Жалауқызы барша халықты және корпорация қызметкерлерін Наурыз мерекесімен құттықтады.
 
Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.
Күн мен түн теңескен Наурыз мейрамы – жаңару мен жасару айы. Наурыз – табиғатты түлетіп, тұрмысты түзететін, тіршілік бүр жарған көктем мен еңбек тойы.
 
Елімізді өркендетуге, халқымыздың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған ауқымды шараларды жүзеге асырудағы қажырлы қызметтеріңіз әрдайым табысты болып, ойға алған арман, жоспарларыңыз орындалсын!
 
Самарқанның көк тасын еріткен, Жаңа жылдың жаршысы атанған ұлық мереке әз-Наурызда Сіздердің шаңырақтарыңызға құт-береке, ынтымақ пен бірлік және баянды бақыт тілеймін!

Хабарламаларға жазылу