Корпорация төрағасы мерекемен құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Корпорация төрағасы мерекемен құттықтады

07.03.2014
Корпорация төрағасы мерекемен құттықтады
Бүгін «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма Төрағасы Н.Ж.Мұхамеджанова еліміздің ақпарат саласында талмай еңбек етіп жүрген аруларды, аналарды мерекемен құттықтады.
 
«Құрметті арулар, аналар!
Сіздерді шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі – 8 наурыз әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
 
Сұлулық пен мейірімділіктің, парасат пен төзімділіктің символы болған нәзік жандар ақ бесіктің иесі, туған жердің киесіндей қастерлі.
 
Осынау мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға таусылмайтын ырыс-құт, сарқылмайтын бақ пен береке, қызметтеріңізге табыс тілеймін.
 
Әрқашан көктемдей құлпырып, айналаларыңызды шуаққа бөлей беріңіздер!»,-делінген құттықтауда.

Хабарламаларға жазылу