Біржыныстылар махаббаты туралы оқытқандар жазаланады - вице-министр
Бейне қолжетімді емес
Оралдағы мектепте біржыныстылар махаббаты туралы сабақ оқытқандар туралы бүгін ҚР Білім және ғылым вице-министрі Есенғазы Иманғалиев ресми түсінік берді. Оның айтуынша, аталмыш оқиғаға қалалық білім бөлімі мен мұғалімнің салғырттығы себеп болған.
«Барлық баспасөз құралы осы мәселені көтеріп жатыр. Ол жағдай дұрыс түсініспеушіліктен туындаған. Үй тапсырмасына оқуға ұсынылған кітап оқулық емес, сабақтан тыс құрал. Сондықтан сабақтан тыс құралды, мұғалімнің өзі таңдайды. Оны таңдау әдістемелік орталықтың ұсынысымен жасалады.
Сол ұсыныс берілген кезде бір әріптен қате кеткен. Сионелла Петрова деген автордың жазғаны 18 жастан жоғары оқырмандарға оқуға арналған шығарма. Ал біздің әдістемелік орталық Зоя Алексеевна Петрова деген ақынның әдістемелігін айтқан. Сондықтан бастауыш мектептегі ұстаз З.Петрованың орнына С.Петрова деген авторды интернеттен алып, оқушыларға таратқан. Осы оқиғаға байланысты білім беру сапасын қадағалау орталығының мамандары қазіргі уақытта аталмыш өңірде тексеріс жүргізіп жатыр», - деді ол.
Оның айтуынша, арнайы құрылған комиссия бұл оқиғаға кінәлі тұлғаларды анықтап, тиісті жауапкершілікке тартатын болады.
Айта кетейік, Оралдағы бастауыш сынып оқушыларына біржыныстылар арасындағы махаббат туралы ертегі кітабы сыныптан тыс оқулық ретінде ұсынылған. Оны ата-аналардың бірі кездейсоқ көріп қалып, оқиға осыдан кейін әшкере болды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қарағанды әлемдегі ауасы ең лас үш қаланың қатарына кірді
04.09.2025, 20:41

Жетісуда 4 пилоттық жоба жүзеге асады
04.09.2025, 20:39
Еліміздегі өнеркәсіптік өндіріс көлемі 6,9 пайызға артқан
04.09.2025, 20:36
Қостанай облысында 18 елді мекен суға субсидия күтіп отыр
04.09.2025, 20:34
Сыр диқандары күрішке орақ салды
04.09.2025, 20:29
Жолдаудың орындалуы: «AMANAT» партиясы Премьер-министрдің ақпаратын тыңдады
04.09.2025, 20:25
Ауғанстанда зілзаладан зардап шеккен аудандар халықаралық көмекке мұқтаж
04.09.2025, 20:10
Израиль азаматтары Газадағы соғысты тоқтатуды талап етті
04.09.2025, 20:09
Banner