Күйші Секен Тұрысбековтің шығармашылық кеші өтеді
Ұлық мерекеге шашу ретінде 24 наурыз күні Астанадағы «Қазақстан» орталық концерт залында домбырашы, күйші Секен Тұрысбековтің шығармашылық кеші өтеді.
Осыған орай Секен Тұрысбеков пен шәкірті Тимур Нұржанұлы «Таңшолпанға» келіп, жаңалықтарымен бөлісті.
«Кештің ерекшелігі сол – біз бұрын оркестрде орындалмаған тың дүниелерді алып шықпақпыз. Мысалы, ертеден келе жатқан «Бұлғын сусар», Әшімтайдың «Қоңырқазы», Мүкейдің «Қос басқан қоңыры», Ықыластың «Жезкиік» күйі, Жантөренің «Шалқымасы» сынды оркестрге төгіліп тұратын туындыларды орындамақпыз».
«Сондай-ақ, Гүлмира Саринаның орындауындағы «Ерке құсым», «Қоңырқаз», Клара Төленбаеваның орындауындағы «Асыл анам», «Көктемім, менің көктемім», Еркін Шүкіманның орындауындағы «Сонау күн қайда», «Айхай, заман» сынды бірқатар әндерім де осы кеште орындалмақ»,-дейді Секен Тұрысбеков.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ШҚО-да соңғы үш жылда 1 млн-ға жуық турист келген
18.12.2025, 20:54
Әлемнің ең мықты бадминтоншылары бақ сынап жатыр
18.12.2025, 20:50
Әлем жаңалықтарына шолу
18.12.2025, 20:15
Отандық арналар Түркияда хабар таратады
18.12.2025, 20:14
Қонаев қаласында дауыл салдарынан бүлінген нысандар қалпына келтірілді
18.12.2025, 20:14
Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 5,9 пайызға өсті
18.12.2025, 20:09
Түркістанда көпір қирап, қатынас үзілген соң оқушылар онлайн оқып жатыр
18.12.2025, 20:09
Автосақтандыру компаниялары төлейтін өтемақы мөлшері екі есе өседі
18.12.2025, 20:08