Қазақстандық теннисші Зарина Диас Майамиде өтіп жатқан турнирдің негізгі кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды kazssporttv.kz. Ол іріктеу финалында ресейлік Варвара Флинкті екі сетте ұтты.
1 сағат 27 минутқа созылған ойын 7:6, 6:1 есебімен қазақстандық теннисшінің пайдасына шешілді.
Зарина Диастың негізгі кезеңінің алғашқы айналымдағы қарсыласы - румыниялық Александра Каданту. Ол әлемдік рейтингте 62-ші орында.
Айта кетейік, Майамиде өтіп жатқан WTA сериясындағы Sony Open Tennis турнирінің жүлде қоры – 5,4 миллион АҚШ доллары.