Қостанайлық дәрігерлер тірі баланы көмуге жіберген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайлық дәрігерлер тірі баланы көмуге жіберген

18.03.2014
Қостанайлық дәрігерлер тірі баланы көмуге жіберген
Қостанай облысының Меңдіқара ауданында жантүршігерлік оқиға болды. Бұл туралы Қостанай облысының прокуроры Марат Қайыбжанов денсаулық сақтау туралы заңнаманың орындалуы бойынша өткен жиында мәлімдеді, деп хабарлады «Алау» порталы.
 
6 наурыз күні Меңдіқара орталық аудандық ауруханасының қызметкерлері  уақытынан ерте туған нәрестенің денесін қорапқа орап, оны анасына көмуге берген. Алайда, бір сағаттан кейін баланың тірі екені анықталады. Оны әкесі байқап қалған.
 
 «Сәбиді ауруханаға қайта алып келгенмен, ол үш күннен кейін жан тапсырды», деп атап өтті прокурор.
 
Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Орал Бекмағамбетов кінәлі медицина қызметкерлері жұмыстан босатылғанын жеткізді.

Хабарламаларға жазылу