СҚО-да дәрігерлер жас ананың өлімін жасырған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

СҚО-да дәрігерлер жас ананың өлімін жасырған

24.02.2022

Солтүстік Қазақстанда ана өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды.Тайынша ауданының 35 жастағы тұрғыны Әйгерім Қазезова былтыр 5-ші баласын дүниеге әкеліп, біренеше аптадан кейін облыстық көпбейінді ауруханада коронавирустан көз жұмған. Алайда дәрігерлер оның өлімін тіркемей, құжат бойынша мәйітті тірі адам ретінде Тайынша аудандық ауруханасына жіберген. Қағаз жүзінде ол бір ай емделді делініп, дәрі-дәрмегіне қыруар қаржы жұмсалған. Дәрігерлер мәйітті ешқандай құжатсыз марқұмның туған-туыстарына берген. Жас ананың қайтыс болғаны туралы анықтама тек бір айдан кейін ғана жасалған. Осылайша дәрігерлер ана өлімін жасырып қалмақ болған. Былтыр Солтүстік Қазақстанда 3 бірдей жас ана көз жұмды.

Нұрлан Айманов, Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

Қазезованың дүние салуы жас ана өлімі ретінде тіркелсе, министрлік тарапынан талай тексеріс болатыны сөзсіз. Сондықтан қайтыс болу туралы анықтама қағазы бір айға кеш датамен жасалған. Аурухана жетекшісі осылайша жауапкершіліктен сытылмақ болған. Тайынша аудандық аурухананың бас дәрігері Анатолий Рафальский қызметінен босатылды.

Элмира Кәленова


Хабарламаларға жазылу