Қазақстан уран банкін құруға 400 мың АҚШ долларын бөлді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан уран банкін құруға 400 мың АҚШ долларын бөлді

18.06.2015
Қазақстан уран банкін құруға 400 мың АҚШ долларын бөлді

Қазақстанда уран банкін құруға мемлекет тарапынан 400 мың АҚШ долларынан астам қаражат бөлінді. Бұл туралы бүгін Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік өкілінің қатысуымен өткен кездесу барысында айтылды.

Айта кетейік, МАГАТЭ-нің басқарушылар кеңесі осыдан бір апта бұрын аталмыш жобаны талқыға салып, Қазақ елімен келісім жасау туралы тоқтамға келген.

Ауқымды шараға агенттікке мүше елдерден 150 миллион АҚШ доллары көлемінде қаражат жиналғандығы айтылды.

 

Дәулетхан МҰРАТҰЛЫ 

Хабарламаларға жазылу