Малайзия билігі жоғалған «Boeing-777» ұшағын іздестіруге қазір 25 ел қатыстырылғанын, оның арасында Қазақстан да бар екенін хабарлады. 16 наурызда Малайзия үкіметі өкілінің хабарлауынша, үкімет ұшақты іздеуге Қазақстан, Өзбекстан, Қырғыз Республикасы, Түркіменстан, Пәкістан, Үндістан, Қытай, Франция және АҚШ-тан көмек сұраған, деп хабарлады «Азаттық».
Малайзия бұған қоса қазір «Boeing-777» ұшағында болған 239 жолаушы мен сол ұшаққа жерден қызмет көрсеткен басқа да адамдардың жеке мәліметтері тексеріліп жатқанын да айтты.
Малайзия полициясы жоғалған ұшақтың екі ұшқышының үйіне тінту жүргізген. Оған дейін Малайзия премьер-министрі Наджиб Разак жоғалардан бұрын «Boeing 777» ұшағының байланыс жүйесі ажыратылған соң, ұшақ өзіне бекітілген бағыттан әдейі ауытқығаны туралы мәлімдеген.

Ұшақ радар экранынан көрінбей кеткен соң жеті сағат бойы оның деректері спутниктерде тіркелгені туралы ақпаратты Разак растады.
Естеріңізге салай кетйік, 8 наурызда Куала-Лумпурден Пекинге ұшып шыққан, бортында 239 адам болған «Boeing 777» жолаушылар ұшағы ешқандай дабыл белгісін, бағытын ауыстыратыны немесе басқа мәселе туындағаны туралы хабарламаған, ұшақ із-түссіз жоғалып кетті. Соңғы рет диспетчермен байланысқа шыққан кезде ұшақ Малайзияның шығыс жағалауынан 220 шақырымдай қашықтықта болған.