Куала-Лумпурдан Пекинге бағыт алған малайзиялық ұшақтың пилоты 27 жастағы Фарида Абдул Гамидтің үйіне тінту жұмыстары жүргізілді.
«Жоғалып кеткен Boeing 777-200 ұшағы жерүсті радарларымен хабарласу құрылғылары сөндірілгеннен кейін 7 сағат бойы ұшуын жалғастырған. Бұл экипаж мүшелері ерікті түрде әлде біреулердің басқаруымен байланыс құралдарын ажыратқан деген болжамға әкеледі», - деді сенбі күні өткен баспасөз мәслихатында Малайзия премьер-министрі Нажиб Разак.
Қазір істі полиция тергеуде. Тексеру жұмыстары Үнді мұхитында, көптеген елдің аумағында жүргізілуде.
Айта кетейік, наурыздың 8-і күні бортында 227 жолаушы мен 12 экипаж мүшесі бар малайзиялық лайнер ұшып шыққаннан кейін бір сағат өткеннен кейін радар экранынан жоғалып кетті.