Дональд Трамптың үйіне тінту жүргізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дональд Трамптың үйіне тінту жүргізілді

10.08.2022

АҚШ Федералды тергеу бюросы Дональд Трамптың үйіне тінту жүргізді. Мұны экс президенттің өзі де растады. Бұл тексеріс Әділет министрлігінің Трамп Ақ үйден кеткен кезде Флорида курортына ресми президенттік жазбаларды алып кетуіне байланысты жасалған. Белгілісі Трамп Ұлттық мұрағаттың шенеуніктері сұраған 15 қорап материалды бірнеше ай бойы қайтармай келген, шара қолдану қауіпі төнген кезде ғана өткізген. Ішінара тінту жұмыстары үйде қалған жазбалардың бар-жоғын анықтау мақсатында жүргізілді.

Жалғас Сәдібек

Хабарламаларға жазылу