Жоғалған Boeing-тің Австралия жағалауына дейін ұшып барғаны хабарлануда
Жоғалып кеткен малайзиялық Boeing ізі Австралия жағалауынан табылды, деп хабарлайды Associated Press.
Оңтүстік Қытай теңізі аумағында жоғалып кеткен малайзиялық Boeing 777-200 (Рейс 370) жолаушылар ұшағы бортынан Жер серігіне тіркелген соңғы дабыл Үнді мұхитының астралиялық жағалауынан берілген. Бұл бірнеше күн бойы іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатқан ауданнан едәуір қашық.
Малайзия мен Австралия жағалауына дейінгі қашықтық - 4 828 шақырым, бұл жоғалып кеткен Boeing сол кезде бар отынымен ұшып жетуі ықтимал ең үлкен қашықтық.
Малайзиялық билік ұшақты ұшқыштардың бірі немесе әуе кемесін басқаруда тәжірибесі бар біреу айдап кетуі мүмкін деген қорытындыға келді.
Жоғалып кеткен Boeing 777-200 ұшағында жерүсті радарларымен хабарласу құрылғылары сөндірілгеннен кейін, ұшқыш кабинетінде белгісіз біреу ұшақтың бағытын өзгерту бойынша бағдарлама жасаған. Сондай-ақ бұл істің бәрін тәжірибелі ұшқыш атқарғаны туралы айғақтар табылды.
Еске сала кетейік, Malaysian Airline System компаниясының әуе кемесі бір апта бұрын 239 жолаушысымен Куала-Лумпурдан Малайзияға, Бейжіңге, құрлықтық Қытайға ұшып шыққан сапарында жоғалып кетті.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысының атынан Астанада бір топ БАҚ қызметкеріне пәтер берілді
27.06.2026, 10:50
2 есе жұмысқа – екі есе ақы
26.06.2026, 20:16
Президенттің атынан отандық үздік БАҚ өкілдері марапатталды
26.06.2026, 20:15
Президент атынан БАҚ өкілдеріне 66 пәтер берілді
26.06.2026, 20:14
Мобильді аударым: 115 мыңға жуық адамға ескерту жіберілген
26.06.2026, 20:11
«Әділет» партиясында ірі бизнес өкілдерінің қатысуымен Іскерлік кеңес құрылды
26.06.2026, 20:10
Оралда мұнай сервис кәсіпорындарының форумы өтті
26.06.2026, 20:10
Әлем жаңалықтарына шолу
26.06.2026, 20:10