Норвич мектебінде Наурыз мейрамы аталып өтті
Ұлыбританияның Норвич қаласындағы «Recreation road school» мектебінде Наурыз мейрамы тойланды.
Мерекелік шараны қаладағы Шығыс Англия университетінде оқып жатқан «Болашақ» стипендиаттары Қанат Әуесбай мен Баян Тұрсынбаева ұйымдастырды. Қанат пен Баянның алты жастағы ұлдары Ералы былтыр Норвич мектебінің 1-сыныбына барған еді.
«Оқуымыз аяқталған соң Ералының мектебіндегі сабағын үзуге тура келіп отыр. Кетер алдында ағылшын балаларына Қазақстан туралы мәліметтер жеткізіп, жағымды әсер қалдырғымыз келді. Бұл ойымыз жүзеге асты», дейді Қанат Әуесбай.
Шара барысында Қанат Әуесбайдың отбасы мүшелері ұлттық киім киіп, құрт, тары, талқан, бауырсақ сияқты ұлттық тағамдардан дастархан жайды.

Ағылшын балаларын Қазақстанның күн райы, жері, халқы туралы мәліметтер қызықтырды. Шара соңында әкелі-балалы Қанат пен Ералы домбырамен ән шырқады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Конституциялық реформа жөніндегі комиссияны құру туралы Жарлыққа қол қойды
22.01.2026, 13:23
Әскерде дрон операторларын дайындау басталады
22.01.2026, 13:20
Шымкенттен 1 күнде 80 тоннадан астам қоқыс шығарылды
22.01.2026, 13:18
Көкшетаулықтар қоқыс жәшіктерінің аздығына наразы
22.01.2026, 13:15
Жамбыл облысында 10 су қоймасы салынады
22.01.2026, 13:12
Жаңа Зеландияда лай көшіп, біраз адам жоғалып кетті
22.01.2026, 13:09
Пәкістандағы өрттен қаза тапқандар саны алпысқа жетті
22.01.2026, 13:06
Бір палаталы Парламент – тиімді басқару жолы
22.01.2026, 13:03