Қазақ халқының саны 1 жылда 252 мың адамға өсті
Қазақстан халқы 1 жылда 252 мың адамға өсті. Бұл туралы ҚР Статистика агенттігінің басшысы Әлихан Смайылов мәлім етті.
«Биылғы жылдың 1 ақпанында еліміздегі халық саны 17 миллион 187 мың адамды құрады. Оның 55 пайызы - қалалықтар, ал 45 пайызы - ауылдықтар. 2013 жылдың 1 ақпанымен салыстырғанда, яғни 12 айдың ішінде халық саны 252 мың адамға немесе 1,5 пайызға өсті», - дейді ол.
Оның айтуынша, АХАТ органдарында дүние есігін ашқан 33 мың сәби тіркелген. Бұл көрсеткіш өткен жылдың қаңтар айымен салыстырғанда 6,9 пайызға кем.
«Қайтыс болғандар саны 12,2 мың адамды құрады немесе 2013 жылғы қаңтарға қарағанда 13,5 пайызға кеміді», - дейді Ә.Смайылов.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Соңғы 2 жылда ана өлімі 35 пайызға азайды
13.03.2026, 20:55
Биыл 2 300 шақырым жергілікті жол қайта жаңғыртылады
13.03.2026, 20:53
Су қоймаларының құрылысы келесі жылы аяқталады
13.03.2026, 20:51
Былтыр ауыл шаруашылығы саласында 250 өндіріс ашылды
13.03.2026, 20:49
Өңірде 4000-нан аса ерікті еңбек етеді
13.03.2026, 20:47
Еліміздің 5 өңірінде су тасқыны қаупі бар
13.03.2026, 20:39
Жаңа Конституция жобасы талқыланды
13.03.2026, 20:15
Қазақстандағы дауыс берушілердің орташа жасы – 29 жас
13.03.2026, 20:14