Елімізде халық саны қанша болды? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде халық саны қанша болды?

16.04.2020
Елімізде халық саны қанша болды?

​Бір жылда Қазақстан халқының саны 1,3 пайызға өскен.

2020 жылғы 1 наурызда еліміздегі халық саны 18671,9 мың адамды құрады. 

Оның ішінде қалалықтар – 10932,3 мың (58,5%), ауылдықтар –7739,6 мың адам (41,5%).

Өткен жылдың 1 наурызымен салыстырғанда халық саны 240,4 мың адамға немесе 1,3%-ға өскен. 

Халық саны бойынша ең көп өсім Алматы (65,6 мың адам) мен Нұр-Сұлтан (58,5 мың адам) қалаларында және Түркістан облысында (33,1 мың адам) тіркелді.

stat.gov.kz

Хабарламаларға жазылу