Басты Жаңалықтар Қазақстан халқының саны 18 миллионнан асты

Қазақстан халқының саны 18 миллионнан асты

Қазақстан халқының саны 18 миллионнан асты

Қазақстан халқының саны 18 миллионнан асты, деп хабарлайды Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі.

«2017 жылғы 1 шілдеге еліміздегі халық саны 18 034,3 мың адамды құрады, соның ішінде қалалықтар - 10 339,4 мың (57,3%), ауылдықтар - 7 694,9 мың адамды (42,7%) құрады. 2016 жылғы 1 шілдемен салыстырғанда халық саны 238,2 мың адамға немесе 1,34% өсті», делінген баспасөз баянында.

АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2017 жылғы қаңтар-маусымда туылғандар саны 189,3 мың адамға жетті, бұл 2016 жылғы қаңтар-маусымға қарағанда 6,4% аз.

2017 жылғы қаңтар-маусымда республика халқының табиғи өсімі 2016 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 12,4 мың адамға немесе 9,2% кеміп, 122,6 мың адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 13,70 адамды құрады. Қарастырылып отырған кезеңде қайтыс болғандар саны 66,7 мың адамды құрады, бұл 2016 жылғы қаңтар-маусымға қарағанда 0,7% аз.

Бөлісу