Басты Жаңалықтар Елімізде халық саны 17 млн. 330 мың адамға жетті

Елімізде халық саны 17 млн. 330 мың адамға жетті

Елімізде халық саны 17 млн. 330 мың адамға жетті

2014 жылғы қаңтар-тамыз аралығында елімізде халық саны 169,7 мың адамға немес 1 пайызға өсті. Бұл туралы бүгін Астанадағы баспасөз мәслихатында ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің төрағасы Әлихан Смайылов мәлім етті.

«Биыл 1 қыркүйектегі жағдай бойынша еліміздегі халық саны 17 млн. 330,5 мың адамды құрады. Соның ішінде қалалықтар - 9 млн. 560,3 мың (55,2 пайыз), ауылдықтар - 7 млн. 770,2 мың адамды (44,8 пайыз) құрады. 2014 жылғы қаңтар-тамызда елімізде халық саны 169,7 мың адамға немесе 1 пайызға өсті. 2013 жылғы 1 қыркүйектегі жағдаймен салыстырғанда халық саны 254,8 мың адамға немесе 1,5 пайызға өсті», - деді комитет басшысы.

Оның сөзіне қарағанда, АХАТ органдары ұсынған мәліметтер бойынша биылғы қаңтар-тамызда туған сәбилер саны 266,2 мыңға жетіп, 2013 жылғы кезеңмен салыстырғанда 5,1 мың адамға артты немесе 2 пайызға өсті.

ҚазАқпарат

Бөлісу