Жапонияда зілзаладан 5 адам жараланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жапонияда зілзаладан 5 адам жараланды

09.04.2018

Жапонияда бүгін қуаты 6,1 баллдық жер сілкінісінен 5 адам зардап шекті. Елдің метеорологиялық агенттігінің мәліметінше, зілзала Симанэ префектурасында 12 шақырым тереңдікте болған. Одан кейін тағы бірнеше кішігірім дүмпу қайталанды. Табиғи апат салдарынан қалаларды сумен жабдықтау жүйесі істен шығып, бірнеше ғимарат пен жолдар бұзылған. Сонымен бірге, пойыз қатынасы тоқтады. Ал, апат салдарымен күреске сарбаздар жіберілген. Билік тұрғындарға жер сілкінісінің тағы қайталануы мүмкін екенін ескертіп, абай болуға үндеді.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу