Ұлттық ойындар спартакиадасы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық ойындар спартакиадасы өтті

19.03.2014
Ұлттық ойындар спартакиадасы өтті
Ұлыстың ұлы күнінде ұлттық ойындар ұлықталды. Бүгін журналистер мен Қазақ агротехникалық университетінің студенттері ләңгі теуіп, асық атты. Нысана көздеп, арқан тартты.
 
«Асығың алшысынан түссін!» деп аталған спартакиадада ләңгі тебуден «Шалқар» радиосы қарсылас шыдатпаса, жамбы атудан «Жетінші» арнаның жігіттері ерледі.
 
Палуандар белдесуінде студенттер бабында екендіктерін көрсетті. Ұлтқа керек ұлттық ойындарды дәріптейтін игі бастама келер жылы да жалғасады.
 
 Мұхтар Тұртаев, журналист:
Қазір көріп отырғандарыңыздай, қазылар алқасы да бір шешімге келе алмай жатыр. Өйткені, жарыс өте тартысты өтіп жатыр. Біз де осы ұлттық ойындар жарысын жандандыруға келіп отырмыз.
 
Айтжан Әбдіров, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің бірінші проректоры:
Мектеп бағдарламасына ұлттық ойындарды енгізу керек. Осындай үлкен алаңдарға шығару қажет.
 
Досымжан ЕРМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу