Астанада Есіл өзенінде екі бала мұз астына түсіп кетті
Астанада 11 жастағы екі оқушы Есіл өзенінде мұз астына түсіп кетті, деп хабарлайды елордалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Құтқарушылардың айтуынша, 5-сынып оқитын оқушылар жаттығу аяқталысымен «Алатау» спорт кешенінен шығып, өзеннің үстімен жолды кесіп өтпек болған. Сол кезде жұқа мұз шытынап, екі бала суға құлаған.
Сәтін салғанда спорт кешеніне бағыт алып келе жатқан М. Беисов пен Д. Мұса-Намаз есімді екі полицей балалардың суға кетіп бара жатқанын көріп, құтқарып алған.
Жедел жәрдем шақыртылғаннан кейін, дәрігерлер балаларды ауруханаға қосымша тексерістен өткізу үшін алып кетті.
Құтқарушылар мұздың үстіне шықпауды және балаларды жіті бақылауда ұстап отыруды ескертеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Олимпиадаға қатысатын ұлттық құрама жасақталды
19.01.2026, 20:40
Таразда оқушыларға арналған эко-лагерь ашылуы мүмкін
19.01.2026, 20:37
Павлодарда «Келешек мектебі» ұлттық жобасы аясында жаңа білім ошағы ашылды
19.01.2026, 20:35
Робот-хирург тізе буынын ауыстыру операциясын жасады
19.01.2026, 20:33
Жамбыл облысында шекарада мобильді инспекциялық-тексеру кешені іске қосылды
19.01.2026, 20:31
Шымкентте 75 адамның мүгедектік туралы құжаттары күмән тудырды
19.01.2026, 20:28
Суперкомпьютер не үшін қажет?
19.01.2026, 20:24
ЖИ туралы заң толық күшіне енді
19.01.2026, 20:21