Атырауда жеңіл көлік суға батып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда жеңіл көлік суға батып кетті

29.01.2024

Атырауда балық ауламақ болған екі адам көлікпен бірге суға батып кетті. Оқиға қала іргесіндегі Курилкино ауылының тұсында Жайық өзенінде болған. Мұз опырылып, көлікпен бірге екі адам суға батқан. 2006 жылы туған жасөсіпірім өз күшімен сыртқа шығып үлгерген. Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері оны облыстық ауруханаға жеткізген. Жағдайы жақсы. Ал 32 жастағы азамат көз жұмды. Оның денесін құтқарушылар 45 минутта алып шыққан.

Бақыт Абланов, облыстық ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы:

Куәгерлер мен ағайындарының айтуы бойынша жүргізуші көршісімен балық аулауға мұз үстіне көлікпен шыққан. Сөйтіп жылымға түсіп кеткен. Бұл жер жылда қатпайды. Сондықтан тұрғындарды сақтануға шақырамыз.

Нұрсұлтан Нұрсейіт


Хабарламаларға жазылу