Қорғаныс министрі үздік жас патриоттарды марапаттады
Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов «Жас сарбаз» қозғалысының биылғы жылы ерекше көзге түскен тәрбиеленушілерімен кездесті. Жиын Балалар жылына орайластырылған. Республикалық жас патриоттар форумының лауреаты атанған «Жас сарбаз» қозғалысының үш бірдей өкілі марапатталды. Талдықорғандық Нұрасыл Шәріпов «Жас робототехник» номинациясын, Алматы облысы Шамалған кентінен келген Әли Досман «Жас спортшы» аталымын иеленді. Атыраулық Дінмұхаммед Жаңбырбайға «Жас батыр» номинациясы берілді. Дінмұхаммед 3 желтоқсанда Жайық өзенінде ойнап жүріп, мұз астына түсіп кеткен тоғыз және он төрт жастағы екі баланы құтқарып қалған болатын.
Дінмұхаммед Жаңбырбай, Атырау қаласы №3 мектеп-гимназияның 3-сынып оқушысы:
Үш досыммен ойнап жүргенде екі досым суға түсіп кетіп, еш ойланбастан, өзім қобалжыған жоқпын дым. Сосын өзім Қанат деген досымды құтқарып алдым. Ол Қанат деген досым судағы бір баланы құтқарып алды.
Серік Селеубай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Командалық теледебат: партиялардың сөз сөйлеу реті анықталды
11.08.2026, 21:30
Марафоншы Құрылтай сайлауына дейін 1300 шақырымды бағындырмақ
11.08.2026, 20:22
Абай – қазақтың қазынасы
11.08.2026, 20:16
Жерасты мешіттері – әлемдік мұра
11.08.2026, 20:10
Жыл соңына дейін 190 мың автокөлік құрастырылады
11.08.2026, 20:09
Экс-президент Башар Асад сырттай өлім жазасына кесілді
11.08.2026, 20:05
Үгіт-насихат науқаны қыза түсті
11.08.2026, 20:05
Жұмыс тобы сайлау учаскелерінің дайындығын арнайы мониторингтен өткізді
11.08.2026, 20:05