ҚР Мәдениет министрі қызметіне Арыстанбек Мұхамедиұлы тағайындалды
А.Мұхамедиұлы - ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері. Бірнеше мәрте ҚР Президенті Н.Назарбаевтың алғыс хатымен марапатталған. Мәдениет саласында «World master» жоғары атағына ие.
Бұның алдында 2008 жылдан бері Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры қызметін атқарған.
Өзінің еңбек жолын 1984 жылы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының мемлекеттік симфониялық оркестрінің әртісі болып бастаған. 1991-1993 жылдары аралығында Мәдениет министрлігінің маманы болды. 1993 жылы ҚР Мәдениет министрінің көмекшісі болып тағайындалды. Әр жылдары ҚР Президентінің оркестрінде қызмет атқарды. Сонымен қатар «Қазақ әуендері» АҚ-на басшылық етті.
2006 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі болып жұмыс жасады. Сондай-ақ, ол ҚР Президенті Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің мәдениет секторының меңгерушісі болған.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ресейде санкция салдарынан кәсіпорындар жұмысы тоқтады
28.09.2026, 20:56
Ағза алмастыру кезегінде 6867 адам тұр
28.09.2026, 20:31
Азиада: Ауыр атлеттер ел қоржынына екі күміс жүлде салды
28.09.2026, 20:12
Орталық Азиядағы алғашқы FIA дрифт додасы мәресіне жетті
28.09.2026, 20:10
Бурабайда «Өр Алтай – түркілердің атамекені» халықаралық конференциясы өтті
28.09.2026, 20:09
Шетелдік валютада депозиті бар азаматтардың табысы артуы мүмкін
28.09.2026, 20:08
«Кітап оқитын ұлт»: 10 үздік оқырманға 10 млн теңгеден беріледі
28.09.2026, 20:07
Газ саласының үздіктері анықталды
28.09.2026, 20:06