Қырғыз және моңғол көліктері Қазақстаннан түгелдей шығарылатын болды

12.03.2014
Қырғыз және моңғол көліктері Қазақстаннан түгелдей шығарылатын болды
Қырғыз және моңғол көліктері Қазақстан аумағынан түгелдей шығарылатын болды. Кезінде мұндай әрекеттің заңсыз екенін біле тұра, осындай қадамға барғандарға кешірім жасалмайды.
 
Кеденшілер алған бетімізден қайтпаймыз деп отыр. Мұндай көліктер қазір арнайы тұраққа әкетілуде. Рейд ұйымдастырған кеденшілер он күн ішінде 500-ге тарта көлікті ұстап, қамапты.
 
«Қырғыз Республикасының көліктері соңғы кезде Қазақстанға көптеп әкелінуде. ҚР ішінде оны тек қырғыз елінің азаматтары ғана 6 ай көлемінде жүргізуіне болады. Бұл бізде орындалмай жатыр. Көлік - қырғыздікі, жүргізуші -қазақстандықтар. Оған заң бойынша рұқсат етілмейді», - деп атап өтті Кедендік бақылау комитетінің бөлім басшысы Жақсыбек Жұмадыров.

Хабарламаларға жазылу