«Жан жылуы» бағдарламасы қайырымдылық кешін өткізбек
«Қазақстан» Ұлттық телеарнасындағы «Жан жылуы» бағдарламасының эфирге шыққанына биыл – 5 жыл. Осыған орай 14 наурыз күні Астанадағы «Қазақстан» орталық концерт залында қайырымдылық кеш өтпек.
Бес жыл уақыт аралығында бағдарламаның көмегімен жетімдер үйінен 20 бала жаңа отбасыға барып, ата-ана тапты. 13 бала шетелде ем алып, аман-есен елге оралды. Үйсіз-күйсіз жүрген 8 отбасы баспаналы болды.
Ұлыстың ұлы күні – қайырымдылық, мейірімділік жасайтын, көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын беретін мереке. «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы «Жан жылуы» бағдарламасының бес жылдық жұмысын қорытындылап, қайырымдылық концертін осы мереке қарсаңында өткізуді жоспарлап отыр.
Концертте бағдарламаның арқасында өміріне үлкен өзгерістер енген кейіпкерлер келіп, сөз сөйлейді. Және олардың бұған дейінгі өмірлерінен бейнекөріністер көрсетіледі. Өнер жұлдыздары ән шырқайды.
Кешке қонақ ретінде қоғам қайраткерлері, депутаттар мен кейіпкерлерге көмек берген меценаттар, БАҚ өкілдері қатыспақ. Кеш соңында тағы бір көмекке мұқтаж бүлдіршінге қайырымдылық көрсетіледі.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ШҚО-да соңғы үш жылда 1 млн-ға жуық турист келген
18.12.2025, 20:54
Әлемнің ең мықты бадминтоншылары бақ сынап жатыр
18.12.2025, 20:50
Әлем жаңалықтарына шолу
18.12.2025, 20:15
Отандық арналар Түркияда хабар таратады
18.12.2025, 20:14
Қонаев қаласында дауыл салдарынан бүлінген нысандар қалпына келтірілді
18.12.2025, 20:14
Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 5,9 пайызға өсті
18.12.2025, 20:09
Түркістанда көпір қирап, қатынас үзілген соң оқушылар онлайн оқып жатыр
18.12.2025, 20:09
Автосақтандыру компаниялары төлейтін өтемақы мөлшері екі есе өседі
18.12.2025, 20:08