Басты Жаңалықтар Қоқыс өңдеуге 200 млрд теңге бөлінеді

Қоқыс өңдеуге 200 млрд теңге бөлінеді

Елде қоқыс өңдеуге 200 миллиард теңге бөлінеді. Бұл туралы «Жасыл Даму» акционерлік қоғамының өкілі Нұржан Дүйсебай айтты. Бүгінге дейін осы бағытқа 117 миллиард теңге жұмсалған. Бұл қаржыға өңірлерде қалдықтарды сұрыптауға арналған жаңа техника мен құрал-жабдықтар сатып алынды. Кәсіпорындармен 109 келісім жасалып, 160 мың тоннадан астам қалдық өңделген. Бұл - бір жылда шығатын қоқыстың 32 пайызы. 2030 жылға дейін осы көрсеткішті 40 пайызға жеткізу жоспары бар. Өңделген қоқыс ойын алаңына төсеніш ретінде қолданылады. Қағаз бен картон өнімдерін жасау үшін де пайдаланылып жатыр.

Нұржан Дүйсебай, «Жасыл даму» АҚ қоғаммен байланыс бөлімінің өкілі:

Таза Қазақстан экологиялық бастамасы аясында EcoQolday мобильді қосымшасын өте қарқынды түрде жүзеге асырып жатыр. Оның ішінде 110 мың келісім шарттар жасалған болатын, 117 мың тонна қалдықтарды қайта өндіруге берген. Жалпы айтқанда 160 мың тоннаға дейін қалдықтарды өңдеуге мүмкіндік беріліп жатыр. 
Бөлісу