«Жалын жұтқан Жанна д Арк» драмасының премьерасы өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жалын жұтқан Жанна д Арк» драмасының премьерасы өтеді

11.03.2014
«Жалын жұтқан Жанна д Арк» драмасының премьерасы өтеді
Наурыздың  12-13 күндері Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында «Жалын жұтқан Жанна д Арк» атты  драманың  премьерасы өтеді.
 
Француз драматургі Жан Ануйдың пьесасын режиссер, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - Әлімбек Оразбеков сахналайды.
 
Жанна д Арк  Орлеанқызы - Францияның батыр қызы. Кезінде француз халқының ағылшындарға қарсы азаттық күресін басқарған. Шаруа отбасында дүниеге келген. Бала кезінен діншіл болған ол өзін Құдай Францияны азат етуге жіберді деп сенді.
 
1429 жылы 8 мамырда ағылшындардың қолында болып келген Орлеан қаласын азат етті. Осы еңбегі үшін халық оны Орлеанқызы деп атады. Француздардың батыр қызының бейнесі қазақ театр сахнасында заманауи режиссерлік қолтаңбамен сахналанбақ.
 
Жанна д Арк  бейнесін театр актрисалары – Айнұр Бермұхамбетова мен Сая Тоқманғалиевалар сомдайды.
 
Басталуы:  сағат 18.30-да

Хабарламаларға жазылу