Жасалғанына 180 жыл болған хоккей таяқшасы бәссаудаға шығарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жасалғанына 180 жыл болған хоккей таяқшасы бәссаудаға шығарылды

09.03.2014
Жасалғанына 180 жыл болған хоккей таяқшасы бәссаудаға шығарылды
Ebay интернет-бәссаудасына әлемдегі ең көне хоккей таяқшасы шығарылды. Оған шамамен 180 жыл болған, деп хабарлады Day.Az.
 
Аталмыш таяқшаны сатылымға Жаңа Шотландия провинциясындағы Бервик қалашығында тұратын канадалық Марк Пресли қойған.
 
Оның сөзіне қарағанда, бұл таяқты 2008 жылы Норс-Сидни қаласындағы шаштараздың бұрынғы қожайынынан  1000 АҚШ долларына сатып алған. Спорттық бұйым шаштараз қабырғаларының бірінде 30 жыл бойы ілініп тұрған екен.
 
Үйеңкіден жасалған таяқта W.M деген адамның есімінің бастапқы әріптері жазылған.
 
Саквилледегі Маунт-Эллисон университетінің сарапшылары бұл хоккей таяғының 1835-1838 жылдар аралығында жасалғанын анықтады. Әзірге бәссаудадағы бағаның мөлшерлемесі 10,1 мың долларға дейін көтерілген. Оны сатып аламын деушілердің әлі сегіз күні бар.
 
Айта кетерлігі, 2006 жылы Канадада шамамен 1852 жылы жасалған хоккей таяқшасы Ebay-да 2,2 миллион АҚШ долларына сатылған.

Хабарламаларға жазылу