Лос-Анджелесте рок-н-ролл естеліктерінің аукционы өтпек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Лос-Анджелесте рок-н-ролл естеліктерінің аукционы өтпек

02.11.2017

«Битлз», Майкл Джексон, Мадонна, Элвис Пресли сынды рок-н-ролл жұлдыздарына тиесілі болған заттар бәссаудаға қойылды. Лос-Анджелесте қарашаның 4-де ашылатын аукцион «Иконалар мен кумирлер» деп аталады. Бұл жерден Майкл Джексонның әншілік турында киген екі күртешесі, меруерт тастармен көмкерілген қолғаптары және Принцтің электр гитарасын сатып алуға болады. Сонымен бірге, Элвис Преслидің білегі түсірілген рентген сәулесі де қызықты лоттардың біріне айналмақ. 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу