Актер Джеймс Кэгнидің «Оскар» сыйлығы бәссаудаға шығарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Актер Джеймс Кэгнидің «Оскар» сыйлығы бәссаудаға шығарылды

20.11.2014
Актер Джеймс Кэгнидің «Оскар» сыйлығы бәссаудаға шығарылды

Голливуд актері Джеймс Кэгнидің «Оскар» жүлдесі Лос-Анджелесте бәссаудаға шығарылды. Мүсінді 20 қарашаға дейін сатып алуға болады.

Сауданы ұйымдастырушылар лот үшін 800 мың АҚШ долларынан кем емес пайда алуды көздеп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетейік, 1943 жылы Кэгни «Янки Дудл Дэнди» мюзикліндегі рөлі үшін «Үздік актер» атанды. Ол көрермендерге «Елірме ауру» («White heat»), «Қара жүзді періштелер» («Angels with dirty faces»)  және «Қоғамның жауы» («Public Enemy») фильмдеріндегі рөлдерімен танымал. 

 

Сурет: corbisimages.com

Хабарламаларға жазылу