Қар көшкінінен төрт сноубордшы қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қар көшкінінен төрт сноубордшы қаза тапты

09.03.2014
Қар көшкінінен төрт сноубордшы қаза тапты

Грузияның солтүстігіндегі тауларда болған қар көшкінінен төрт сноубордшы қаза тапты. Спортшылардың екеуі француз және қалған екеуі неміс азаматтары.

Бұл қайғылы оқиға Сванетия тауларында болған. Бастапқыда екі адамның қаза тапқаны хабарланған еді, алайда сенбіде Грузия Сыртқы істер министрлігі тағы екі спортшының өлімін растады. Осы топта бірге болған бесінші адам - француздық сноубордшы аман қалды, зардап шекпеген, деп жазады Франс Пресс.

Хабарламаларға жазылу